18 Август
05:20
Астана: 16 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
29 мамыр 09:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс келесі айналымға өте алмады
Париж қаласында теннистен өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс бельгиялық Алисон ван Уйтванкпен күш сынасты.Қазспорт телеарнасынан тікелей эфирден көрсеткен матчты қазақстандық теннисші өте қарқынды бастап, бірінші партияны 6:0 есебімен бет қаратпай ұтты. Алайда екінші партияда бельгиялық спортшы 6:1 есебімен есе қайырды. 



Үшінші, шешуші партия аса тартысты өтті. Біразға дейін есеп тең болып келе жатқанымен, алдымен Алисон ван Уйтванк брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Зарина қайтадан брейк жасағанымен, өзі доп берген сәтте басымдылықты ұстап тұра алмады. Сөйтіп мұнда 6:4 есебімен бельгиялық теннисші жеңіске жетті.
Айта кетейік, Зарина әлемнің 32-інші ракеткасы болса,  Алисон ван Уйтванк 93-інші орында тұрған еді.
Элисон ван Уйтванк үшінші айналымда франциялық Кристина Младеновичпен кортқа шығады. К.Младенович бірінші кездесуінде әлемнің алтыншы ракеткасы, канадалық Эжени Бушарды жеңген болатын.
нравится:    661
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии