20 Август
21:21
Астана: 20 °C
Алматы: 17 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
19 маусым 17:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанның бокс Федерациясы Кубогi жолындағы турнир 20 тамызда басталады
Елордада бокстан Қазақстан Федерациясы Кубогi қатысушыларының жеребе тарту рәсiмi өттi. Қазақстанның бокс Федерациясы Кубогiне республиканың барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларының құрамалары қатысады. 
 Жеребенi Қазақстанның бокстан ұлттық құрамасының үйлестiрушiсi Болат Әбдiрахманов пен Судьялар корпусының үйлестiрушiсi Аслан Игібаев өткiздi. 



Нәтижесiнде 4 құрамадан тұратын 4 топ анықталды. 
А тобында - Атырау, Оңтүстiк Қазақстан, Солтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарының құрамалары, В тобында - Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының және Алматы қаласының құрамалары, С тобында - Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстары боксшылары, D тобында - Ақмола, ШҚО және Астана қаласы өзара сайысады. Әр топтан тек 10 боксшыдан ұсынылады. 
Айта кетейiк, турнирдiң топтық кезеңi 20 тамызда басталады және он күнге жалғасады. Ал жартылай финалдық кездесулер 14 желтоқсанда, финал 15 желтоқсанда өтедi.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    729
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии