12 Декабрь
02:55
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
5 мамыр 16:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанның ең бай бизнесмендері - Forbes Kazakhstan
Forbes Kazakhstan журналының  жазуынша, Болат Өтемұратов тағы да Қазақстанның бай 50 кәсіпкерлерінің тізімінде бірінші  орынға шықты деп хабарлайды Sports.kz.

Жыл сайынғы рейтингте Forbes Kazakhstan Б.Өтемұратовтың байлығын 2,6 млрд доллар деп бағалады.
Б.Өтемұратов "Верный Капитал" тобына басшылық етеді, оның Beeline Kazakhstan, Қазақстандағы Burger King желісінде үлесі бар, ForteBank және Kassa Nova бақылайды. Сонымен қатар, мемлекеттік "Самұрық-Қазына" қоры оған Темірбанктің 79,88% жай акциясын және Альянс банктің 16% жай және артықшылықты акциясын сатып отыр.
Екінші  орынды Алиджан Ибрагимов (2,2 миллиард  доллар) иеленген.
Ал үшінші орынды Тимур Құлыбаев түйіндейді.  Оның байлығы 2,1 миллиард  долларға бағаланып отыр.
2015 жылы Қазақстанның 50 ең ауқатты бизнесмендері табыстары бұрнағы рейтингтермен салыстырғанда 2,23 миллиард долларға артып, жалпы жиынтығы 25,52 миллиард долларға жеткен, бұл көркеткіш Қазақстанның ЖІӨ 12 пайызына  тең.
Рейтингке қатысушылардың орташа жасы 48-ді құрады. Әйел бизнесмендердің табыстары  2014 жылдағы көрсеткіштей, олар– Динара Құлыбаева (2,1 миллиард доллар), Айгүл  Нуриева (920 миллион доллар) және Софья Сарсенова (193 миллион доллар).
 
нравится:    1340
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии