13 Декабрь
21:03
Астана: -23 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
20 мамыр 16:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанның қай жоғары оқу орындары 2016 жылы үздік деп танылды?

АРТА (Аккредитация мен рейтинг тәуелсіз агенттігі) тобының мамандары 2016 жылғы Қазақстанның жоғары оқу орындарының рейтингін жария етті.
Сарапшылар ТОП-10 немесе ТОП-50 сияқты әдеттегі рейтингті құрудың орнына мамандықтар бойынша үздіктерді анықтаған.
"Басты мақсат – талапкерлерге өз мамандығын жақсы үйрете алатын оқу орнын таңдауға көмек беру", - дейді сарапшылар.
Рейтингте үздік екенін дәлелдейтін жүлделері бар мамандармен қамтылуы әрі бітірушілерінің барынша жұмысбасты болуы секілді түрлі әлемдік көрсеткіштерге ерекше мән берілген.
Сонымен мамандық бойынша ең үздік оқу орындарына көз жүгіртейік.

Гуманитарлық ғылымдар. 1 орын – Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 2 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 3 орын – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.

Білім. 1 орын – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2 орын – Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 3 орын – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

Құқық. 1 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын – Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 3 орын – Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Өнер. 1 орын – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, 2 орын - Халықаралық білім беру корпорациясы, 3 орын - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет.

Музыка өнері. 1 орын – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория, 2 орын – Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, 3 орын – Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті.

Әлеуметтік ғылымдар. 1 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын – Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 3 орын – Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Экономика және бизнес. 1 орын– әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын – Нархоз университеті, 3 орын - Халықаралық бизнес университеті.

Жаратылыстану ғылымдары. 1 орын - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет, 3 орын - Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Техникалық ғылымдар мен технологиялар. 1 орын - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, 3 орын - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет.

Ауылшаруашылық ғылымдар. 1 орын - Қазақ ұлттық аграрлық университет, 2 орын - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, 3 орын - Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

Қызметтер. 1 орын - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, 3 орын - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет.

Әскери іс және қауіпсіздік. 1 орын - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 2 орын - Лев Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университет. Үшінші орынға үміткер табылмады.

Медицина. 1 орын - Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет, 2 орын - Астана Медициналық университеті, 3 орын - Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті.

Ветеринария. 1 орын - Қазақ ұлттық аграрлық университет, 2 орын - Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, 3 орын - Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті.

2016 жылы тәуелсіз рейтингке еліміздің 75 жоғары оқу орны қатысты, олардың 24-і мәліметтерін қате толтырғандықтан, қатысушылар тізіміне енбей қалды.

alashinform.kz
нравится:    1658
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии