13 Декабрь
02:01
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Экономика
28 қазан 12:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақстанның тұрғын үй нарығында үлескерлерге кепілдік беретін қор құрылады
Қазақстанның тұрғын үй нарығында үлескерлерге кепілдік беретін қор құрылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Жиын барысында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Министрдің айтуынша, заң жобасымен тұрғын үй құрылысы саласында реттеудің тың тәсілдері ұсынылады. Атап айтқанда, үлестік салымдарды кепілдендіру, екінші деңгейлі банктердің жобаны қаржыландыруы, тұрғын үй ғимараты қаңқасын құрылыс салушының жеке қаражаты есебінен тұрғызу қарастырылады.

 

«Осыған орай, Қазақстанда үлестік салымдарды келіпдендіру жүйесін құру үшін «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ Қоры негізінде Кепілдендіру қорын құру ұсынылады. Бұндай уәкілетті компания тұрғын үй ғимаратының құрылысы бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жарғылық міндеттерге сәйкес Қор тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін үлескерлерге кепілдіктерді ұсынады», - деді Ерболат Досаев. 

Оның айтуынша, құрылыс салушыларға талаптар да белгіленеді. Мәселен, ондай тұрғын үй ғимараттарын салатын құрылыс салушылардың тәжірибесі кемінде үш жыл болуы шарт, соңғы екі жылда залалсыз қызмет атқарған болуы керек. Сонымен қатар құрылыс компаниясының қарыз және меншік капиталының ара қатынасы жетіден аспауы керек. 

«Ал жаңадан құрылатын Қор үлестік құрылысқа қатысушыларға қаржылық тұрақтылық, тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптарын қояды. Сосын ол инжинирингтік компаниялар арқылы үлескерлердің ақшасын мақсатты пайдаланылуына бақылау тетіктерін енгізеді. Ең үздік тәуекел менеджментінің тәжірибесін пайдаланатын болады», - деді Ұлттық экономика министрі.

Дереккөзі:  ҚазАқпарат
нравится:    864
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии