21 Октябрь
00:03
Астана: 7 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
14 шілде 15:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақтар сыйлаған түйені Волочкованың селфиі өлтірді

Ресейдің Орынбор облысындағы Орск қаласының бұрынғы әкіміне қазақстандықтар делегациясы сыйлаған түйенің түбіне белгілі балеринаның онымен бірге түскен фотосессия жетті. Бұл туралы orenday.ru ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Қала басшысы болып тұрған кезінде Юрий Бергке Қазақстан делегациясы арнайы тапсырып кеткен, кейін сол маңдағы бар баланың сүйіктісіне айналған түйенің өлімі туралы сөз қозғалғанда, «Урал» спорт және демалыс базасының басшылығы осыны айтады.

Орскінің түйесін Анастасия Волочковамен суретке түсуі құртыпты.

Қазақтар осынай экзотикалық жануарды Юрий Бергке бұдан алды жыл бұрын тапсырған екен. Демалыс базасының директоры Екатерина Лысенконың айтуынша, кейде «Сеня» болып та айтылатын «Сенатор» есімді түйе тіл алғыш та жуас болыпты. Тәтті беретіндермен суретке түсе берген көрінеді.

Міне, бәріне сенгіш жануардың дәмі таусыла қалуында Анастасия Волочкованың ойнаған рөлі зор болыпты.

«Мен үшін бұл бикештің неге басқа біреуге емес, тап бізге неге әкелінгені түсініксіз, – деп қайран қалады Екатерина Лысенко. – Ол лимузиннен шықты да: «Қайда сіздердің әйгілі түйелеріңіз?» – деп сұрады. Сосын мейман бастырма жаққа апарылды. Сол бойда фотограф камерасын сайлап алып, суретке түсіре бастады. Мындағылар түйеге беру үшін Волочкованың қолына шөп ұстатты. Түйе шөпке қарай ұмтылғанда, әйел қорқып кетіп, қолын тартып алды. Оның көңіл күйі бірден түсіп кетті».

Кейін Волочкова әдейі айтты ма, әлде қателіктен кетті ме, Instagram-ға Сенаторды «Губернатор» деп жазыпты.

«Мен Орскіде Губернатормен кездестім. Осындағы сүйкімді түйе солай аталады. Ол Орынбор облысының губернаторы Ю.Бергке инаугурация кезінде тапсырылыпты. Қазір «Урал» турбазасында тұрып жатыр», – деп жазыпты балерина.

Әлбетте, алдағы болатын сайлаумен дүрлігіп жатқан жұрт бұл мәлімдемені аңғармай өтпеген. Тақырыпты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қағып алып кетіпті. Ал «Орская газетада» жарық көрген «Волочкова Губернатормен кездесті. Түйе риза болып қалды» («Волочкова встретилась с Губернатором. Верблюд остался доволен») деген мақала үлкен жанжал туғызған. Осыдан кейін құрылтайшылар басылымның бас редакторы Игорь Сосновский шын мәнінде көшеге лақтырып тастап, келісімшартты ұзартпай қойды. Пикет жасап көшеге шығу да бұдан құтқара алмады.

Ал Волочкованың Instagram-дағы жазбасына немқұрайлы қарай алмаған оқырмандар балеринаға соның кесірінен редактордың жұмыстан кеткенін, түйенің қаза тапқанын жазды. «Сен неменеге, Настя, біздің Орскіге жаманшылық әкелдің? Сенің жазбаңнан кейін бас редактор жұмыстан қуылды, ал бүгін бір оңбағандар түйеге у беріп кетіпті», – десті олар. Бірақ Волочкова үнсіз қалды…

Қазір «Урал» тынығу базасының дирекциясы түйені сойып көру нәтижесін күтіп отыр. Оның қорытындысы бойынша қылмыстық іс қозғалуына қол жеткізбекші.

«2 шілде күні Сеня қаза тапты. Байқап қарасақ, вольерге бір оңбағандар ұрланып кірген сияқты. Біздің түйеміз солардың берген уынан өлді. Олар қабырғаға: «Бергке және түйелерді жақсы көрушілердің бәріне сәлем» деп жазып кетіпті. Демек, мұның қолдан әдейі жасалғаны белгілі. 7 шілде күні түйені сойып тексерудің қорытындысы шығады. Біз қылмыстық іс қозғалуын талап етеміз», – деді Екатерина Лысенко.
нравится:    1132
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии