20 Январь
11:15
Астана: -26 °C
Алматы: -11 °C
USD/KZT: 324.27
EUR/KZT: 398.27
RUB/KZT: 5.73
CNY/KZT: 50.68
Әлем жаңалықтары
14 қаңтар 12:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақтар ұрыны қалай жазалаған?
Ұрлық. Жалпы қазақы ұғымыда "Түймені ұрлағанда - ұры, түйені ұрлағанда - ұры",- деген мақал бар. Мұның астарынан біздің болмысымыздың ұрлыққа деген жеккөрініші қандай екенін анық байқауға болады. 



Кезі келгенде айтылатын мысалдың дені қытайлықтарға тіреледі екен. Қытайда ұрлық жасағанды аямайды, қолын кесіп алады. Ал қолын кесіп алған адаммен ешкім араласпайды. Осы сөздерден соң Қытай адалдықтың ала жібін аттамаған ел деген пікір қалады. Осы орайда қазақта айтылар бір мысал қалмады ма деп ойға қалатынбыз... Сөйтсек мұнымыз жетіп артылады екен.

Сөз әлқиссасында қазақтардың ұрлыққа бертін ең ауыр жазасы - масқаралау екенін айта кеткеніміз жөн. Қолын кесіп алу - мұсылмандыққа жат. Оның үстіне арына таңба салудан асқан қандай жаза табылсын?

Бұл орайда ұрлықтың ең ауыры - арқан екенін айта кеткен жөн. Тіпті Тәуке жарлығында арқан ұрлағаны үшін тоғыз бас қара мал айыппұл төленген дейді. "Арқан ұрлама, арқандалып қаласың" деген сөз осыдан қалуы керек тегінде. 

Егер ұрлық жасаушы айыппұлын төлей алмаса ол үшін туыстар болмаса тұтас ауылы төлеуге мәжбүр болып қалады екен. 

Ұрылықшыны ұстау - үлкен олжа. Ұрыны аттан құлатқаны - ұрының атын олжалайды деген бар. Ал ұрының астында осал ат болмаса керек. 

Дереккөзі: Қазақ тарихнамасы   
нравится:    115
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии