24 Август
12:32
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
14 тамыз 12:28
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақтың аңыз-ертегілерін сомдайтын компьютерлік ойынды жасауға 72 миллион теңге бөлінді (видео)
 

Елімізде Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай компьютерлік ойын жасалып жатыр.  Бұл туралы 24 kz хабарлайды.

Жоба тарихты насихаттау мақсатында қолға алынып отыр. Қобыланды батыр, Қорқыт ата секілді ұлы тұлғалармен қатар йдегі Жалмауыз кемпір де ойында көрініс тауыпты. Сондай-ақ жобада ұлттық нақыштағы киіз үй бейнеленген. Компьютерлік ойынды жасау үшін Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк қолдау білдіріп, 72 миллион теңге бөліпті. Жоба келер жылы қолданысқа берілмек. Егер көпшіліктің көңілінен шығып жатса, онда мобильдік нұсқасы да шығарылатын болады.

Әділбек Бисенбаев, жоба авторы: - Қазіргі жастар кітапханаға бармайды. Олар қажетті ақпаратты ғаламтордың көмегімен біліп отырады. Әсіресе компьютерлік ойындарды көп пайдаланады. Мәселен Батыста ойын өндірісін дамыту арқылы өз мифологиясын насихаттайды. Біз де осы әдісті пайдаланып, өз тарихымызды әлемге танытпақпыз. Сондықтан әлемдік деңгейдегі өте күрделі  компьютерлік ойын түрін жасауды қолға алдық. Оны тегін және ақылы негізде де ойнауға болады.

нравится:    830
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Мөлдір2015-09-02 18:29:13
    Уақытының көп бөлігін компьютер адында өткізетін іні – қарындастарым үшін алаңдаймын. Ал ойын арқылы аңыз - ертегілерді оңай қабылдайды деп ойлаймын. Жақсы бастама