20 Октябрь
00:30
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
22 тамыз 12:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазақтың ұлттық киімін мазақ еткен дарақы қыздардың қылығы көпшіліктің ызасын келтіруде (ВИДЕО)


Instagram әлеуметтік желісінде @dudoser жариялаған мына видео ғаламтор пайдаланушылары тарапынан қатты сынға ұшырады.
Автор "Девченки жгут #Астана #Шымкент #Казахстан" деп жазба қалдырған бұл материалдың әзірше қайда түсірілгені белгісіз. Видеодан қазақтың ұлттық киім киген бойжеткендердің Fat Joe, Remy Ma дуэтінің All The Way Up ft. French Montana атты шығармасына епетейсіз қимылдармен билегенін және олардың біреуінің темекіні бұрқыратып тұрғанын анық көруге болады.

Күні кеше жарияланған бұл видеоға қатысты 500-ге тарта пікір қалдырылған. Олардың ішінде көпшілігі қазақ аруларының бұл қылықтарына реніш білдіріп, сын тағуда.

"Жартыбастар", "Саукелеге лайыкты емес кыздар", "Маймыл сиякты, ағашта секіріп жүрген" деген сөздермен басталатын оқырмандар пікірлері одан әрі қыздарға тіпті қатаң жаза қолданып, сотқа беру керек деген бастамаларға жалғасады.

Ал, негізгі пікірлер топтамасы арулардың қазақтың ұлттық киімін қорлағаны туралы болып келеді (солардың біршамасын келтіре кетейік, ескерту: пікірлер еш өзгеріссіз, қаз-қалпында алынды): 
- "ойымша Казак кызынын улттык киимин корлап жаткан секилди, оздерин есепке алмаганда и вообще мына Рэп не туралы айтыватр биледи екен ба оздери";
- Казактың киімін корладындар гой; 
- Мен казак кыздарына кайран калам. В очках сигаретами спалилась;
- Уят, пазор го... Несин жетисип жур. Киимге сай кылык жасандарш...
- соз жок, улттык киым кор болды;
- Онбаган мыналарды сотка беру керек, ултымыздын киимин корлап жатр;
- Намыс жоқ қыздарда, ұят-ай; 
- Кыздар мынау не деген маскара уят, Ия, жарайды тусинем бул жай озара ойнап конил котеру, бирактан мундай казактын бага жетпес улттык киимин киип манадай би билеу типтен маскара;
- Еки жузды адамдар да, халык алдында казактын улттык киымын киып майысып турса, бул жерде шын бет пердесыз;
- Ұлттық үлгідегі киімдеріміз қор болды-ау. Кешіресіңдер қарындастарым, ит талаған жыртық шалбарларды киіп билей салыңдаршы мынандайларыңды



YouTube әлеуметтік желісі - Duman TanaBas 


Айдар Жанай
нравится:    5667
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Ера2016-08-23 05:38:23
    Малдар