20 Август
04:35
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
19 қараша 17:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Қазақтың жігіттері жігіттердің төресі...

Бүгін - халықаралық ерлер күні. Сананы тұрмыс билеп, сапырылысқан заман кімнің де болсын бағасын түсіріп жіберді. Әсіресе, ер-азаматтардың қадір-қасиеті төмендеп кетті. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық», «Ер мойнында қыл арқан шірімейді» деп ерді бірінші орынға қоятын ұлттық салт-сана мен тәрбиелік мәні бар ғұрыптардың дәстүр сабақтастығы үзіліп қалды. Оның себебі көп...



Мен кішкентай кезде анамыз әкеміз жұмыстан келмейінше бізді үстелге отырғызбайтын. «Әкең келсін», «Әкең келгеннен кейін ғана тамақ ішеміз», -дейтін. Сосын бір жаққа баруға сұрансаң «Бірінші әкеңнен сұран, ол жіберсе бар...» дейтін. Шын мәнінде, сенің сұранған жаққа бару, бармауыңды анаң шешеді. Бұл жердегі ананың мақсаты әкесін сыйласын, әкесін құрметтесін дегені. Бұрыңғы аналарымыз қазірге дейін ер адамды  жасы үлкен-кішісіне қарамай босағада отырғызбайды. Азаматтың шоқтығы биік деп есептейді. Міне, қазақ халқының ер-азаматты сыйлауының қарапайым көрінісі осы. Осы тағылымды өмір ғұрпы архаизмге айналды.
Қазіргі жағдай мүлде бөлек... Мүмкін бізге ер адамның қадір-қасиетін көтеретін жаңа технологиялық әдістерін табу керек шығар?
Мәселен, бүгін халықаралық ерлердің бейресми мерекесі. Бұл атаулы мереке 1960 жылы көтеріліп көпшілік тарабынан қолдау таппай қалған. 40 жылдан кейін бұл бастаманы ЮНЕСКО қолдаған. Содан бері  ерлер күні ресми түрде болмаса да, әлем елдерінде ішінара тойланып келеді. Мүмкін бұл мереке ер-азаматтарды күнделікті өмірде бағалауға, құрметтеуге өзінің оң әсерін тигізер...

Авторы: Абай Айсара
нравится:    1791
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии