22 Август
05:43
Астана: 8 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Туризм
29 қыркүйек 15:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазан айында Ақтөбеден жаңа рейстер ашылады
Қазан айының басынан ақтөбеліктер Шымкент, Атырау және Қостанай қалаларына тікелей ұша алады.Алғашқы рейстер 2 қазанда Ақтөбе - Шымкент - Ақтөбе және Ақтөбе - Атырау - Ақтөбе бағыттары ашылады.   Бұл бағыттар бойынша жолаушыларды  «Qazaq Air» компаниясы  Bombardier Q400 турбовинтті ұшақтар арқылы дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тасымалдайды. Жолаушыларға эконом-классындағы 78 орын ұсынылады. 3 қазанда Қостанайға ұшақ шығады



«Ұшу кестесі бар. Билеттер құны төмен. Мәселен Шымкент қаласына ұшу үшін 15 688 теңге, Атырауға - 12 187 теңге, ал Қостанайға бару үшін 11 688 теңге жұмсайды», - деді «Ақтөбе халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қосман.
Еске сала кетейік, Qazaq Air әуе компаниясының негізін ағымдағы жылдың сәуір айында  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қалаған. Таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Соңғы айда компания қызметін 5000 адам пайдаланды.

Дереккөзі : http://www.inform.kz/
нравится:    756
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии