23 Октябрь
06:28
Астана: -5 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Туризм
7 қыркүйек 12:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қажылар Меккеде мұражайға қызығушылық танытты


Сауд Арабиясының Мекке қаласында Әзірет Мұхаммедтің өмірі 3D симуляция және анимациялармен көрсетілген Пайғамбар мұражайы мен Қағбаның қасиетті аманаттары көрмеге қойылған Мекке мұражайына қажылар көптеп баруда.

Мекке мұражайына кіру тегін болғандықтар келушілер санында рекорд болуы мүмкін.



Пайғамбар мұражайында «Ассаламу Алейке Ейүхен Неби» жобасы арқылы Әзірет Мұхаммедтің өмірбаяны мен тамаша адамгершілігі симуляциялармен баяндалуда. Мұражайға келушілерге Пайғамбар дәуірі таныстырылуда. Сондай-ақ мұражайда Исламияттың алғашқы жылдарындағы Мекке мен Мәдина қалаларының арнайы жобаланған макеттері де орын алуда.






7 жылда дайындалған мұражайда Мекке мен Мәдина қалаларының Әзірет Пайғамбар кезіндегі үйлері мен төбелері арнайы көрсетілген. Төрт халифаның үйлері тұрған жерлер де орын алған.

1400 жыл бұрынғы мәліметтер соңғы технология арқылы көрсетілген мұражайда Әзірет Пайғамбардың хадистері де электрондық түрде жинақталған.



Дереккөзі: www.trt.net.tr
нравится:    675
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии