17 Декабрь
15:50
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
25 тамыз 15:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қажылық-2016: Шайтанға тас ату рәсімінің уақыты өзгерді


Сауд Арабиясы билігі қажылық рәсімдерінің бірі – шайтанға тас ату үрдісіне бірқатар өзгертулер енгізіп отыр. Корольдік басшыларының бұндай шешім қабылдауына былтырғы жылғы қажылық маусымы кезінде Мина жазығында орын алған қайғылы оқиға себеп болса керек.

Енді шайтанға тас ату рәсімі уақыты 12 сағатқа қысқартылып отыр. Айта кетейік, жалпы рәсімнің өзі 11-қыркүйек күні басталып, үш күнге созылады. Бірінші күні тас ату рәсімі 06.00-10.30 аралығында өтсе, келесі күні – 14.00-18.00 аралығында болмақ. Ал, соңғы күні Харам мешітінен шамамен 5 шақырымдай қашықтықта орналасқан Мина жазығында өтетін бұл рәсім 10.30-14.00 аралығында ғана орындалатын болады.

Бұл ереже былтырғы жылғыдай Мина жазығында кептеліс болып, соңы адам өліміне әкеліп соғудан сақтайды», – дейді Қажылық және умра министрлігінің ресми өкілі Хуссаин ал-Шариф.


Дереккөзі: muslim.kz
нравится:    734
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии