Әлем жаңалықтары
7 тамыз 17:46
​Қажылыққа арналған мобильді қосымша шықты
Қажылыққа арналған мобильді қосымша шықты


Умм Аль-Кура университеті Инновациялық технологиялар орталығы мамандары қажылардың тауап жасау айналымын анықтап беретін мобильді қосымшаны жасап шығарды. Бұл туралы Ummet.kz хабарлады. 

Тауап – қажылықтағы маңызды діни жоралғылардың бірі. Онда қажылық етуші мұсылмандар Қағбаны 7 рет тауап етіп, айналуы керек. Жаңа мобильді қосымша айналымның көрсеткішін анықтап, тауаптың бітуіне байланысты дыбысты белгі береді.

Қажының қимыл-қозғалысы сенсорлы смартфондағы Wi-Fi, Bluetooth және қозғалыс белгісін көрсетуші функциялар арқылы анықталып отырады. Аталмыш қосымшаны қазіргі уақыттың өзінде GooglePlay арқылы жүктеп алуға болады. 

Дереккөзі:BAQ.kz 

Комментарии




Яндекс.Метрика