27 Май
16:07
Астана: 3 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Әлем жаңалықтары
17 мамыр 09:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазіргі кішкентай балаларға қатысты 10 тыйым


1. Баланы өте жұмсақ төсекке жатқызбаңыз, сүйегі әлі қатая қоймағандықтан, майысу пайда болуы әбден мүмкін. Сәл қаттылау, иә кілемнің үстіне жатып қалса оқасы жоқ, сыз өтпесе болғаны, оның пайдасы мол. 

 2. Баланы «аю келе жатыр», «мас жүр» деген секілді сөздермен қорқытып ұйықтатудан аулақ болыңыз. Шошып оянумен қатар жалпы өмірде қорқақтыққа апаруы мүмкін. 

3. Баланы екпетінен жатып ұйықтауға әдеттендірмеңіз, жұмсақ омыртқа сүйектері иіліп, тыныс алуы тарылады. Ішкі ағзаларына да зиян келуі ықтимал. 

4. Басын бүркеп ұйықтайтын балалар да кездеседі екен. Бұл да жаман әдет. Және аузын жұмып ұйықтағаны ең жақсы. 

 5. Баланың тырнағын, қарындашты тістелеуі жаман әдет. Одан шектей біліңіз. Мұның тазалыққа, денсаулыққа зияны дәлелденген. Және баланың тәуекелін азайта түседі екен. 

 6. Тұзы аз тамақ жеуге әдеттендіріңіз, сонда бүйрек, жүрек қызметтері жақсы болады. 

 7. Уақытында дәрет сындыруға үгіттеп отырыңыз. Дәреттен соң сөзсіз қол жууға дағдылансын. 

 8. Мұрын, құлақ шұқылаудан тыйып отырыңыз. Құлақ ауру, мұрыннан қан ағу көбінесе осы жаман әдеттерден бастау алады екен. 

 9. Кеште жұмыстан келген ата-анасымен және басқалармен амандаспау оны тәкаппар және өзгелерге деген немқұрайлылыққа жетелейді. Амандастырып үйретіңіз. Өзіңіз сәлем беріп кіріңіз немесе балаңыз алдыңыздан шықсын. 

10. Теледидарды қырынан қарау, шалқалап жатып көру әдетін жоғалтуға асығыңыз. Тура тұсына отырып көруге дағдылғанғаны дұрыс. Әрине мөлшермен. Және шалқалап жатып тамақ жеуден тыйыңыз.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 
нравится:    160
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии