14 Декабрь
12:09
Астана: -19 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Экономика
16 наурыз 15:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Казком жылдық мөлшерлемесі 11% басталатын ипотека ұсынды


Қазкоммерцбанк банк балансындағы тұрғын үйлерді сатып алуға ипотекалық несие бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаның басты артықшылығы — кредиттің мөлшерлемесі – теңгемен жылдық 11% басталады (ЖТСМ 11,74% бастап), деп хабарлады банк баспасөз қызметі.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі банк әрі кредитор, әрі жылжымайтын мүліктің тікелей сатушысы болып табылады, яғни банк өзінің кепілдік қорындағы объектілерді ұсынады. Осы бағдарлама аясында 9 млрд теңгені құрайтын 1 мыңға жуық жылжымайтын мүлік сатылады деп күтілуде.

Ипотекалық кредит аясында бөлінген қаражат жылжымайтын мүлікті сатып алуға бағытталды және кейіннен бұл баспана заемшының жекеменшігіне өтеді. Алайда, қарыз берешегі толығымен өтелгенше дәстүрлі ипотекалық займ сынды жылжымайтын мүлік банктің кепілдігінде болады.

«Бүгінгі күні Қазақстанда ипотекалық несиенің қарқыны азайғанда біз өз тұрмыстық жағдайын жақсартқысы келетін азаматтар үшін шын мәнінде жақсы ұсыныс жасап отырмыз. Біздің ипотекалық бағдарламаның артықшылығы — ол қазіргі күні нарықта ең төмен болып саналатын несиелеудің бәсекелестік мөлшерлемесі екені даусыз. Осы бағдарлама арқылы банк өз мәселелерін де шешуді көздеп отыр, яғни бейінсіз активтерден құтылып, стандарттық займдар көлемінің өсуі есебінен ссудалық қоржынның сапасын арттырмақшы», — деді Қазкоммерцбанктің басқарушы директоры Әділ Батырбеков.

Жаңа бағдарламаның шарты бойынша несиелеудің ұзақ мерзімі – 120 ай (10 жыл). Алғашқы жарна жылжымайтын мүлік құнының 10% құрайды. Несиелеу бағдарламасы Қазкоммерцбанктің бөлімшелері бар Қазақстанның барлық аймақтары мен қалаларына таратылады.
Кредитті рәсімдеу және оған қызмет көрсету үшін комиссия – о теңге. Оның үстіне банк өз есебінен жылжымайтын мүлікті (кепілзат ретінде) және заемшының өмірін сақтандырады.

Дереккөзі: http://7kun.kz/
нравится:    899
Теги: Жылжымайтын мүлік,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии