22 Август
01:29
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Экономика
31 шілде 09:46
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Қазкоммерцбанк» АҚ өзінің еншілес компаниясын сатып жіберді
 

Алматы қалалық Казкоммерцбанк Активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде тапсыру туралы шарт аясында «БТА Банк» АҚ-дан алған «БТА Банк» акционерлік қоғамының «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» еншілес ұйымы» АҚ еншілес компаниясындағы өзінің акциялар топтамасын сатты. Бұл туралы «Қазкоммерцбанк» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Kapital.kz хабарлайды. 
Мәміле 2015 жылдың 21 шілдесінде жасалды. Сатылған акциялар саны - 1 497 946 қарапайым акция, бұл «БТА Банк» акционерлік қоғамының «Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» еншілес ұйымы» АҚ жарғылық капиталының 99,86% құрайды.
Сату құны халықаралық аудиторлық компания жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша белгіленген- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 104 қаулысымен «Dostyk Leasing» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «БТА Банк» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының - еншілес ұйымын иеленуге рұқсат беру туралы шешім қабылдаған болатын. 
нравится:    847
Теги: Бизнес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии