Экономика
11 желтоқсан 10:27
Қазкоммерцбанк БТА-ның 600 млрд қарапайым акцияларын сатады


Қазкоммерцбанктің директорлар кеңесі БТА банктің 608,375 млрд қарапайым акциясын акционерлерге сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлайды.

ҚКБ қабылданған шешімге сәйкес, ҚКБ-ның қарапайым акцияларын алушы акционерлерге акцияларды БТА-ның орналастырылған акцияларының жалпы санындағы олардың жанама қатысу үлесіне үйлесімді түрде 0,00001 теңгеге тең нарықтық құны бойынша сатып алуды ұсынады.

ҚКБ-ға тиесілі акциялардың үлесі БТА банктің қарапайым акцияларын қоспағанда 99,4187%- ді құрайды. Ал  БТА-ның қарапайым акциясының саны 608 млрд 374, 602 млн дана.

Комментарии




Яндекс.Метрика