23 Август
00:42
Астана: 19 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Экономика
4 ақпан 17:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» жанар-жағар майдың ұрлану фактісін анықтады


«ҚазМұнайГаз Өнімдері» компаниясында отынға талон ұрлау фактісі  анықталды.
Бұл туралы Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті хабарлады.«МТД  экономикалық тергеу қызметі  жанар-жағар май материалдарын ұрлау фактісіне орай  «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ның өтініші бойынша ҚР ҚК 490-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сот алды тергеу жүргізуде.  Қызметтік тексеру барысында бөлімше қызметкерлерінің жалған жеке тұлғаларға бухгалтерлік есепті бұрмалап, нақты төлем жасамай, АИ-95, АИ-92, АИ-80 және дизель отынына талон беру арқылы жымқыру фактісі анықталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалық  зерттеу тағайындалды,  осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға қатысты тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу жедел шаралары жүргізілуде.
Тергеу нәтижелері  жайлы жұртшылық хабардар етілетін болады, деп атап өтті ведомстводан.
нравится:    730
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии