19 Август
19:00
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
18 қыркүйек 12:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Қазнетте теңгені қолдауға арналған жоба пайда болды
Алматылық Павел Ткаченко экономикалық қиын кезеңде ұлттық валютамызды қолдау мақсатында сайт ашты.



Павел идеяның 16 қыркүйекте, доллар бағамы 300 теңгеге дейін көтерілген күні келгенін айтты. Ол бұл кезде студенттер асханасында тамақтанып отырған екен.
"Университет асханасында тамақтанып отырып теңгенің құлдырап бара жатқанын көрдім. Көңіл-күйім түсіп кетті. Фотошопты ашып теңгені бейнеледім. Оған "сырқатынан айықсын" деген мақсатта жолжелкен жабыстырдым. Адамдарға теңгенің тезірек қалпына келуін тілеуге неге мүмкіндік бермеске деген ой келді. Tengeneboley.kz доменін сатып алып, 16 қыркүйек күні кешке сайтты іске қостым. Адамдар біртіндеп қызығушылық таныта бастады", - деді Павел Ткаченко.
 
"Ең бастысы - адамдарға көңіл көтеруге мүмкіндік беру. Жағымды пікірлер көп болған сайын, соғұрлым жағдай жақсарады. Сайтты қосқаннан кейін теңге де қайтадан орнына келе бастады. Бұл тек Ұлттық банктің еңбегінің ғана емес, біздің де тілегіміздің арқасында болды", - деді ол.
 
Дереккөзі: Tengrinews.kz
нравится:    774
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии