12 Декабрь
06:49
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
30 шілде 12:54
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҚазТрансГаз газдың жаңа қорын анықтады


Алдын ала жүргізілген ҚазТрансГаз (ҚТГ) геологиялық барлау есептері бойынша, шикізат қорының көлемі 32,7 млрд. текше метрге жуық. Ал алынатын қор шамамен 24 жарым млрд. текше метр болады деген болжам бар. Газ қорының мол қоры Батыс Сұлтанқұдық кен орнында анықталған. Бұл туралы LS хабарлайды.

Жер қойнауы Жамбыл облысында орналасқан. Сондықтан мұның енді өнімі, газы осы республиканың оңтүстік облыстарында пайдаланылады. Оның қосатын үлесі де бір сыпыра жоғары болады. Қазір жоспарлы жұмыстар жасалынады. Одан кейін бұрғылау жұмыстары. Бұрғылау жұмыстарынан кейін қандай көлем беретіні нақтыланады. 
 
Геологиялық іздестіру жұмыстары бір жарым жыл бойы жүргізілген.  Бұл кен орны табиғи газ және газ конденсатын өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Оның экономикалық оң ықпалы да бар.  Мәселен, көлемді жаңа газ қоры оңтүстік өңірлерге берілетін көгілдір отын импортын азайтуға мүмкіндік тудырады. 
нравится:    641
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии