Әлем жаңалықтары
8 мамыр 17:04
Келесі жылы 3 камералы iPhone шығарылады


Интернетте Apple компаниясының келесі жылға арналған жоспарлары туралы ақпарат пайда болды.

Apple компаниясы 2019 жылдың екінші жартысында 3 камералы iPhone шығармақ. Бұл туралы Джефф Пудің Yuanta Securities зерттеу есебіне сүйене отырып Taipei Times хабарлайды.

Бұдан бұрын Economic Daily News тайваньдық басылымы келесі жылы 3 камералы iPhone шығарылатынын хабарлаған болатын. Ақпараттарға сәйкес үштік объектив бес есе оптикалық зумды иеленетін болады.

3 объективі бар алғашқы смартфон қытайлық Huawei P20 Pro болатын. Гаджеттің объективтері 40, 20 и 8 мегапиксель кеңейтуді, сондай-ақ төрт есе оптикалық зумды иеленді. Девайстың мықты жағы -  кадрды үлкейту кезіндегі егжей-тегжейлік және түнгі түсірілімдер.


Дереккөзі: life.ru
 

Комментарии




Яндекс.Метрика