18 Декабрь
09:23
Астана: -21 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
18 мамыр 11:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Келесі жылы мұнай бағасы 100 доллар шамасында болады - BP Capital
Келесі жылы АҚШ мұнай өңдеу көлемінің төмендеуі көрсеткіштеріне байланысты мұнайдың бағасы барреліне 100 доллар болуы мүмкін деп болжам жасайды BP Capital LLC сарапшылары.





«Біз мұнайдың бағасы барреліне 100 доллар айналасында болуы мүмкін болжамдарды жоққа шығаратындар қатарынан емеспіз», -деді BP Capital LLC сарапшысы Д.Мини.
Қазіргі кезде мұнай бағасының мың құбылып тұрғанына қарамастан, мұнай өңдеу саласын ары қарай дамуы үшін оның бағасының қазіргіден жоғары болуы керек деп санайды Д.Мини. 
 
WTI мұнайының бағасы  соңғы алты жыл ішінде ең төмені көрсеткіштерден 40% жоғарлағандығы, осы жылдың наурыз айында тіркелген болатын. АҚШ-тағы бұрғылау қондырғылары сандарының қысқаруы, елдегі мұнай өндірісінің төмендеуіне алып келеді деп күтілуде.

Д.Мининің болжамына сәйкес, 2015 жылдың соңына қарай мұнай бағасы барреліне 70 долларға дейін көтеріледі.
 
“Біздің болжам бойынша, АҚШ мұнай өңдіру көлемі, қазірдің өзінде шегіне жетіп отыр. 2015 жылдың соңында елдегі мұнай өндіру көлемі өткен жылғы сол кезеңдегі көрсеткіштердің деңгейлерінде болады-мыс", -дейді белгілі сарапшы.

Дереккөзі: FINANCE.UA
 
нравится:    699
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии