18 Декабрь
01:38
Астана: -20 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
24 тамыз 10:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Келімбетов: Теңгенің ауытқуынан пайда табамын деу ақылға сыйымсыз
Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетов теңге бағамының еркіне жіберілгенін ескеріп, ақша айырбастау пункттерінен пайда табам деушілерді сабасына түсуге шақырды. Оның ойынша, бұл ақылға сыйымсыз.



Бұл туралы Келімбетов КТК арнасының «Слуги народа» бағдарламасында мәлімдеді.

«Біз теңгенің құбылуын әлі бақылайтын боламыз. Сондықтан, ақша айырбастау пункттеріне жүгіріп, пайда тауып қаламын деу әбестік. Біз Шығыс Еуропа елдерін, соның ішінде, валюта күн сайын емес, сағат сайын құбылып тұратын Ресейдегі жағдайды зерттедік. Тұрғындар жинақтарын өз шығындарына сәйкес жұмсаған жөн», – деп кеңес берді Ұлттық банк төрағасы.

Келімбетовтің айтуынша, мұнай бағасы өсетін болса, теңге бағамы  нығая түседі. Ал мұнай бағасы төмендейтін болса, теңге де құлдырамақ.

Сонымен қатар, Ұлттық банк төрағасы Қазақстанда долларсыздану процесі басталатынын да жеткізді.

Еске сала кетейік, 20 тамыз күні Қазақстанда валюта дәлізін алып тастап, теңге еркін бағамға жіберілді. Осыған байланысты, ұлттық валютаның долларға шаққандағы құны 255,26 теңгеге дейін құлдырады.

Дереккөзі: nur.kz
нравится:    629
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии