26 Сентябрь
04:14
Астана: -4 °C
Алматы: 2 °C
USD/KZT: 341.27
EUR/KZT: 405.60
RUB/KZT: 5.96
CNY/KZT: 51.55
Мәдениет
31 мамыр 10:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

"Келін" телехикаясының жұлдызы Нұрлан Қоянбаевтың фильміне түседі
"Келін" телехикаяясының жұлдызы, үнді актері Сиддхартх Шукла қазақстандық "Бизнес по-казахски" фильміне түседі. Актер таяу уақытта Алматыға түсірілім алаңына келеді. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты хабарлайды.



Идея авторы және фильм продюсері - әйгілі шоумен, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев. Ол өзі лентада басты рольдердің бірінде ойнайды. Фильмді музыкант әрі клипмейкер Жеңісхан Момышев түсіріп жатыр. Картинада Әбунасыр Серіков, Жан Байжанбаев ("Рэкетир"), Макс Акбаров "Қызғылт қоян туралы ертегі", Гүлназ Жоланова ("Махаббатым жүрегімде"), Құралай Әнуарбекова ("Жаужүрек мың бала") да ойнайды.



Түсірілім жұмыстары мамыр айында басталды, маусымның соңына қарай бітеді деп жоспарланып отыр. Бизнестің қыры мен сырын, қиындығы мен қызығын айшықтайтын комедиялық жанрдағы фильм үстіміздегі жылдың күз айларында отандық кинопракатқа шығады деп жоспарланып отыр.

 
нравится:    1854
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии