|    |  
21 шілде 2019
23:58
қаз
​Келіншек қателесіп «бөтен» баланы босанып, ата-анасына берген
10 шілде 2019, 09:51 125
Нью-Йорк тұрғыны екі баланы дүниеге әкеліп, дәрігерлердің қателігінен оларды биологиялық ата-анасына қайтаруға мәжбүр болған.


 
Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмай қойған. Олар бірнеше рет ЭКО жасатқан. Бірнеше процедурадан кейін келіншек бала көтерген. Олар бұған 100 мың долларға жуық ақша жұмсаған. Дәрігерлер келіншекке екі қыздың эмбрионын салдық деген. Бірақ келіншек УЗИ-ге барғанда құрсағында егіз ұл екенін айтқан. Дәрігерлер ол кезде мамандар мен аппарат қатеселуі мүмкін екенін айтқан. 2019 жылдың наурызында келіншек егіз ұл туған. Ал балалардың ата-анасы азиаттықтар болып шыққан. Ерлі зайыптылар егіз ұлдарды биологиялық ата-аналарына беруге мәжбүр болған. Қазір олар емхананы сотқа берген.
 
Дереккөз: КорреспонденТ


Жаңалықтар