Әлем жаңалықтары
20 сәуір 16:28
​Келіншек жаңа туған баласын ұшақта танысқан бейтаныс әйелге бере салған
24 жастағы Саманта Снайпс көңіл жарастырып жүрген жігітінен жүкті болып қалған. Бірақ жігіті оған қол көтеріп, ұрып-соғудан танбаған.


Сол жағында Саманта Снайпс, ұлы Вон, оң жағындағы Темпл Фиппс

Сол себепті ол жігітімен қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Сөйтіп Арканзасқа анасына кетіп қалған. Бірақ ана болуға дайын болмағандықтан босанатын баласын асырап алатын отбасыларды іздестіре бастаған. Сөйтіп жүргенде Солтүстік Каролинада тұратын ер азаматпен танысады. Ол жігіт Самантамен кездескісі келіп, өзіне келуін өтінген. Саманта барар жолда бір әйелмен танысып, бір сағат тілдескен. Ол әйел ешқашан бала сүймеген екен, бала асырап алғысы келетінін айтқан.



Сөйтіп барар жеріне жеткеннен кейін ол үш күннен кейін босанып, ұшақта танысқан әйелге хабарласқан. Перзентханаға келген Темпл баланы құшағыны қысып, мейірімін төккен. Оның мейірімін көрген Саманта сол сәтте баласын осы адамға беруге шешім қабылдаған.


 
Дереккөз: Сегодня

Комментарии




Яндекс.Метрика