22 Август
18:53
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
30 қараша 10:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кембридж герцогы мен герцогинясы Шарлотта ханшайымның фотсуреттерін жариялады
Кембридж герцогы мен герцогинясы жексенбі күні өздерінің қыздары Шарлотта ханшайымның жаңа екі фотосуретін жариялады, ол осы айда алтыайлық жасқа толды.



«Кембридж герцогы мен герцогинясы Шарлотта ханшайымның екі жаңа фотосуреттермен бөлісуге қуанышты. Оларды герцогиня өздерінің Норфолктегі үйінде қараша айының басында түсірген», - делінген Кенсингтон сарайының хабарламасында.
Гүлді көйлек пен қызғылт кофта киген ханшайымның диванда отырғаны бейнеленген. Суреттердің бірінде Шарлотта ойыншық қонжықпен ойнап отыр, екіншісінде ол объективтен сәл бұрыс қарап, ойлана күлімсіреп түскен», - деп жазады РИА Новости.

 «Герцог пен герцогиня бүкіл әлемнен Шарлотта ханшайымның атына ізгі тілектер жолдаған хаттар алуда және олар осынау сүйкімді фотосуреттер өздеріне сияқты басқаларға да ұнайды деген сенімде», - деп атап өтеді баспасөз қызметі.
Кембридж герцогы мен герцогинясының бұдан басқа үлкен ұлы бар, тақтың болашақ мұрагері Джордж ханзада қазір екі жаста. 


Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    635
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии