16 Декабрь
07:30
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
13 мамыр 12:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кенеден қалай қорғану керек?
Жаз мезгілі көкке шығып, қаланың қым-қуыт тіршілігінен бір сәт қол үзіп, қала сыртына шығып демалуға өте ыңғайлы. Алайда табиғат аясында демалар алдында қарапайым қағидаттарды оқып, білген артықтық етпейді.


Табиғат аясында демалып үйге келгеннен кейін денедегі киімдеріңізді қағып, жақсылап қарап шығыңыз. Әсіресе,  құлақтың артын, басты, шаштардың, саусақтардың арасын, дененің нәзік бөліктерін тексеріп шығыңыз. Әйтпесе, орманды алқаптар мен дала гүлдерінде көп кездесетін қауіпті кенелер сіздің үйіңізге оңай кіріп кете алады.


Кене шағу: симптомдары

- дене қызуының қатты көтерілуі —40˚С дейін;
- бастың қатты ауруы;
- құсу, лоқсу;
- әлсіздену, арқаның талып, буындардың ауруы;
- беттің, арқаның кеуденің, көздің қызаруы.

Маңызды:

! Осы белгілер байқалған кезде, онда кене ауыру таратушы жәнтіктер қатарында болуы әбден мүмкін.

! Кененің шағуы салдарынан, адамды өлімге алып келетін ауырудың түрі – Лайма.  Бұл көп кездесіп жатады. Кене шаққан жердің айналасы қатты қызарып кетеді. Мұндай жағдайлар орын алған кезде, міндетті түрде дәрігерлердің көмегіне жүгінген дұрыс. Мамандардың айтуынша, кене шаққаннан кейін бір тәулік ішінде кенені дұрыс алып тастаса, онда аталған ауыруды жеңуге болады-мыс.


! кененің тұмсығының ауыртпайтын қасиеттері бар, сондықтан оның шаққан немесе шақпағандығын кез-келген адам сезбей қалып жатады. Сондықтан да өзіңіздің денеңіз бен киімдеріңізді ыждақатты қарап жүру артықтық етпейді.


Кене қандай болады?



Кенені қалай дұрыс алып тастау керек?

Егер кене шаққан жағдайларда, мүмкіндігінше денсаулық сақтау орындарына барған дұрыс. Егер оған баруға мүмкіндіктер болмаса онда арнайы тәртіптерді сақтай отырып, денедегі кенені өзің алып тастауға тура келеді.


1. Қысқышты алып оны сағаттың тіліне қарсы бағытта, кейіннен кененің аяқтары немесе жартысы денеде қалып қоймас үшін, еппен бұрау керек.

2. Кене шаққан жерге ауа өткізбейтін сұйықтықтарды және майды құюға болмайды. Ол кененің ары қарай кіріп кетуін жылдамдатады. Кененің бар уыты тұмсығында болады, ол тұмсығын кіргізіп алғаннан кейін бар уытын сол арқылы жібере алады.
 
3. Кірген кенені денеден алып тастағаннан кейін оны жарық жерде жақсылап қарау қажет:  оның аяқтары мен тұмсығының бүтіндігін тексеру қажет. Егер кененің тұмсығы қалып қойса, онда оны тездетіп алу үшін дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс.



4. Кененің шаққан орнын йодпен немесе спиртпен заласыздандыру қажет.

5. Дәрігерлен денедан алынған кенені  шыны банкіге салып, зертханаларға және басқа да тексеру орындарына алып келуге кеңес береді. Өйткені кейбір кенелер жұқпалы ауыруларды тасымалдаушы болып табылады.

Бүгінгі дамыған заманда өндірушілер, кене ары қарай кірмей тұрғанда оны тарып алатын арнайы құрылғыны ойлап тапты. Мәселенки, олар былай көрінеді және оны қолсөмкеге салып жүру өте ыңғайлы.



Кенеден қалай қорғану керек:

- дене мен киімдерді қорғайтын әртүрлі заттарды пайдалану;
-  ұсақ паразиттер көрініп тұратын ашық түсті киімдерді киген дұрыс;
- шөптің үстіне жата кетпеу;
- егер ауа температурасы қолайлы болса, арқаны, мойнынды жауып ұстау;
- бас киім киіп жүру.

Дереккөзі: hochu.ua

 

 
 
нравится:    8066
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Айбол2016-12-20 23:06:34
    Хорошие советы