12 Декабрь
18:19
Астана: -20 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
11 желтоқсан 16:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кеңес Рақышев «Жетінші арнаны» сатып алады


Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев «Жетінші арнаны» сатып алмақшы. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Сайттың жазуынша К.Рақышевтың өзі әлі келісім жүріп жатқанын айтқан. 

«(…) Келісім жүзеге асқан кезде міндетті түрде хабарлайтын боламыз. «Жетінші арнаның» техникалық базасы қалыптасқан. Телеарнаның бағыты негізінен танымдық болады. Біз қазақстандық медиа-контент қорын сапалы өніммен толтыратын боламыз. Ал, жаңалықтар шығарылмайды, жоспарымызда жоқ. Барынша өз өнімдерімізді дамытуға күш саламыз. Қазақстандық және шетелдік өндірушілермен бірлесе жобалар жасау көзделіп отыр»,- деді К.Рақышев.

Оның айтуынша, алғашқы уақытта кадрлық ауыс-түйістер болмайды және телеарнаның бас кеңсесі Астана қаласында қала береді.

«Арна қызметкерлері жұмысын жалғастыра беретін болады. Барлық жұмыскерлер өз орнында қалады, мүмкін біраз кадрлық ауыстарулар болатын шағар, алайда қазір емес»,- деді ол.
нравится:    821
Теги: Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии