11 Декабрь
07:51
Астана: -13 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Әлем жаңалықтары
24 ақпан 11:29
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кенесары ханның үзеңгілесі Есет батырдың суреті табылды


Есет батырдың әскері жеңілмейтін әскер деп есептелген. 1847 жылы Кенесары хан қаза тапқаннан кейін ол Жанқожа батырмен бірге Қоқан, Хиуа хандықтарына қарсы шықты.

Сонымен қатар, Ресей бекеттеріне шабуыл жасап отырды. 1855 жылы Орынбор генерал-губернаторы Кіші жүздің бір топ билеуші сұлтандарына көтерілісті басып, Есет батырды қолға түсіруге қатаң тапсырма береді.

Маусымның аяғында тапсырманы орындау үшін 900 адамдық отрядпен, өзіне бекітілген екі зеңбірегі бар казак жүздігі және дистанция бастықтарымен бірге Арыстан Жантөрин жорыққа аттанып, Ор бекінісінен 140 шақырым жер шамасындағы Елек өзенінің жоғарғы сағасындағы Суықсу шатқалына келіп бекінеді. Сұлтан ордасы мен көтерілісшілер арасында бірнеше күн бойы келіссөз жүргізіліп, екі жақ нақты шешімге келе алмайды. Осыдан кейін Есет батыр өз адамдарымен кеңесіп, сұлтан ордасына шабуыл жасауды ойластырады. 1855 жылы шілдеде көтерілісшілер сұлтан ордасын тұтқиылдан шабуылдап, А.Жантөрин бастаған он шақты би-старшындарын өлтіріп, казак отрядын талқандайды. Кейін Ресей империясы келіссөздер жүргізіп, Есет батыр талаптарын айтып, көтерілістен бас тартты. «Кіші жүздің биі» ресми лауазымға ие болды.

Есет батырдың суретін оның шөпшегі Жандос Темірғали тапты. Бұл суретті оған Мәскеуден жіберді - танысы мұрағаттан тауыпты. Батырды фотоға киіз үйде орырған күйі түсіріпті. Бұл сурет Есет батыр қаруын тастаған соң, 1859 жылы 29 наурызда оны қазақ билерінің делегациясы құрамында Санкт-Петерборға II Александр қабылдауына шақырылғанын растайды.



Ресей сыртқы істер министрлігі Азия департаментінің директоры болған Е.Ковалевский батырмен кездескенін былайша суреттейді: Арал маңындағы Кіші жүз қазақтарының кейбір топтарынан құрылған отаршылдыққа қарсы қозғалысты басқаруынан бұрын Есетті сайын дала торабынан кездестірдім. Есет Геркулес сияқты атлетикалық дене бітімді, сұлу келбетті және ерлік іс-әрекеттері кез-келген еуропалықты таңғалдыратындай және бұл қасиеттері өз отандастарына да қатты әсерін тигізген».

Жандос Темірғали өзінің кескін-келбеті Есет батырға ұқсайтынын және бойында батырдың қаны барын мақтан тұтады. Арғы атасының ерлігі жайлы оған әжесі Раш Ембергенқызы айтып берген, деп жазады "Экспресс К" басылымы.


Дереккөзі: Экспресс К
нравится:    1105
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии