13 Декабрь
07:42
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
5 маусым 10:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кеңседегі табиғаттың әсем үні адамды сергітіп, қабілетін аша түседі
Үндістан ғалымдарының зерттеуінше, егер кеңседе табиғат дыбыстары шығып тұрса, қызметкерлердің көңіл-күйі көтеріліп, еңбек өнімділігі арта түседі, деп жазады «Росбалт». «The Hindustan Times» басылымының жазуынша, осы мақсатта ғалымдар арнайы ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген. Онда кеңсе қызметкерлерінің жартысының компьютер мониторына қоңырау шалу, гүбір-гүбір әңгіме, кеңсе техникасының тырсылы секілді дыбыстар енгізеді де, жартысына табиғаттың әсем дауысын, судың сыңғырын, жапырақтың сыбдырын, құстардың сайраған үнін шығарып қояды. 



Нәтижесінде, таудағы өзеннен аққан сылдырлаған су сыңғыры жұмысқа бөгет келтірмейтіні , тіпті, ол өзге айқай-шуға көңіл аудармай, ойды жинақтауға жақсы әсер еткені анықталады. Осыдан кейін, кеңседе орналасқан аудиожүйе арқылы осы сынды табиғи дыбыстарды ойнатуға кеңес беріледі. Зерттеу көрсеткендей, табиғат үні адамдарға тек оң әсер етіп, еңбек өнімділігін арттырады. Сарапшылар мұндай тәсілді кеңседе ғана емес, ауруханаларда да пайдалануға болатынын айтады.
нравится:    884
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии