|    |  
13 желтоқсан 2018
20:43
қаз
​ “Кешью” тобы жоғалтқанын тапты...
04 желтоқсан, 12:34 1174
Күні кеше ғана «Алау» атты тек жігіттерден құралған тобын таныстырып, көптен бері ойлағанын іске асырған танымал продюсер Баян Есентаева әлі де дамыл таппақ емес. Ол өзі басқаратын ұжымда тағы да жаңалықтар болатындығын айтты.



Әлеуметтік желі белсенді қолданатын Баян ханым парақшасында: «Біз босаңсып кеткен жоқпыз, біз ізденіс үстінде болдық және іздегенімізді таптық. КешYou-дың келесі трегі сіздер күткендей болады!!!»,-деді. 

Еске сала кетейік,   бұған дейін “Кешьюдің” жаңа құрамына көңілі толмайтынын топ жетекшісі Бағым Мұхитдинова айтып кеткен еді. Танымал продюсердің пікірінше, жас қыздар әзірге үмітті ақтамады. «Қазіргі топты “Кешьюдің” бұрынғы құрамымен салыстыруға әлі ерте. Жас “Кешью” бас “Кешьюге” жету үшін әлі біраз жұмыс жасау керек», – деген болатын.

Авторы: Абай Айсара
Теги: Музыка


Жаңалықтар