20 Сентябрь
02:38
Астана: 8 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Мәдениет
2 қазан 10:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​КешYou тобының құрылғанына 10 жыл толады
Қазақ эстрадасындағы «Үздік қыздар тобы» болып саналатын КешYouға  келесі жылы 10 жыл толады. Бұл атаулы мерекені толауға дайындық қазірдің өзінде басталып кеткен сияқты. Әлеуметтік желіде  «КешYou-ға 10 жыл» деген атаумен арнайы парақша ашылып, оған топтың өткені мен бүгініне қатысты материалдар топтастырыла бастапты.



Жалпы КешYou тобы белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші Баян Есентаева жобасымен 2006 жылы құрылды.
Жылдық табысы $500 мыңнан асатын KeshYou тобы, продсердің ең табысты жобаларының бірі болып саналы екен. Халықаралық Turkvizyon-2013 байқауының жартылай финалына өткен KeshYou тобы, соңғы уақытта бірнеше клип түсіріп үлгерді. 2013-2014 жылдары, екі жыл қатарынан, KeshYou тобы дауыс беру арқылы шешілетін ұлттық музыкалық «Астана жұлдызы сыйлығының «Үздік қыздар тобы» номинациясы бойынша иегері болды.



2006 жылдан бері топтың құрамы бірнеше рет ауысып үлгерді. Мәселен алғашқы құрамда (2006-2012 жылдар арылығында) Мөлдір Әуелбекова, Анель Аринова, Зумрад Гараева болды. Олардың орнын 2012-2014 жылдар аралығында Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева, Айдана Меденова басты.  Ал қазіргі топта Жұлдыз Өмірғали, Балжан Бидаш, Ақбота Сейтмағамбет өнер көрсетіп жүр.

Жақында Баян Есентава өзінің instagram-дағы жеке парақшасында топтың алғашқы құрамында болған қыздармен түскен суретін жариялады.



Баян суретке: «КешYou-ге қыздар келеді не кетеді, ал жақсы қарым-қатынас мәңгі сақталады»,- деп жазба қалдырыпты.

Осы жерде айта кетейік, кейбір БАҚ өкілдері Баяннан қыздардың жиі кетуін, продюсердің шектен тыс талапшылдығымен байланыстырып жатады. Біз бұл мәселеге қатысты қандай да бір сыни пікір айтудан аулақпыз. Тек айтарымыз бұл өмірге кім келіп, кім кетпейді, ал жақсы қарым-қатынас мәңгілік болып қалады.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
Авторы: Абай Айсара
нравится:    3535
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии