|    |  
23 тамыз 2019
05:24
қаз
​Кетчуптың пайдасы мен зияны
24 наурыз 2017, 16:06 76
Күнделікті тұтынатын тағам болғандықтан халық арасында кетчуп туралы алып-қашпа әңгіме көп. Біреулер зиян дейді. Біреулер зияны жоқ дейді. Ендеше алып-қашпа әңгіменің ақ-қарасын ажыратайық:


 
1-пікір: кетчуптың пайдасы
 
Кетчуп құрамында қызанақ көп болғандықтан ликопен көп. Ликопен тек қызанақтың құрамында бар. Адам ағзасына тағам арқылы ғана жетеді. Ликопен ісікті басады, атеросклероздың дамуын бәсеңдетеді, жүрек пен көз ауруларының алдын алады. Сондай-ақ кетчуптың күйзеліске қарсы күшті әсері бар. Себебі құрамындағы серотонин «бақыт гормоны» саналады.
 
2-пікір: кетчуптың зияны
 
Барлығы кетучптың өндірушісі мен бағасына байланысты. Неғұрлым қымбат болса құрамында табиғи әрі пайдалы заттар соғұрлым көп. Толық ақпаратты қаптамасынан оқуға болады. Неғұрлым арзан болса табиғи заттар синтетикалық ингредиенттерге алмастырылады.
 


3-пікір: кетчупқа төмен сұрыпты өнімдер пайдаланылады
 
Болашағын ойлайтын бірде-бір өндіруші көгеріп кеткен қызанақтарды пайдаланбайды. Кетчуп дайындау процесі бірнеше кезеңнен өтеді. Сапалы кетчупте консерванттар, хош иістендіргіштер мен тұрақтандырғыштардың мөлшері аз болады.
 
4-пікір: кетчуп адамды семірте ме?
 
Кетчуп – негізгі тамақ емес, тұздық саналады. Сол себепті қасықтап жеуге болмайды. Құрамында қант бар. Бірақ мөлшермен жесе адамды семіртпейді.
 


5-пікір: кетчупты балалар мен жүкті келіншектерге жеуге бола ма?
 
Бұл арада әр ағзаның ерекшелігіне көңіл аудару керек. Қызанақты бір жасқа дейінгі балаларға беруге болмайды. Ал бір жастан асқан балаларға аздап беруге болады. Ал жүкті келіншектердің қалауына қарай тұтынғаны абзал.
 
Дереккөз: tochka.net


Жаңалықтар