16 Декабрь
20:50
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
19 қараша 11:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кез келген киімге аяқ киімді қалай таңдау қажет?
Түс пен реңк көп. Бірақ оның бәрін үйлестіре білмесе, адамның көркі қашады. Киімде талғам мен стиль керек. Осы орайда біз киім мен аяқ киімді қалай үйлестіріп киюге болатынын көрсетпекпіз
 
 
Ақ шалбар


 
Ақ – базалық түс. Ол кез келген түспен үйлеседі. Бірақ стилистер күнделікті киіммен, әсіресе, кеңсеге киетін ақ шалбармен қара аяқ киім кимеу керектігін ескертеді.
 
 
Сұр және қара сұр шалбар


 
Аяқ киімнің кез келген түсімен үйлеседі. Сол себепті барлық түсті аяқ киіммен кие берсеңіз болады.
 
 
Қара шалбар


 
Қара түстің барлық түске сәйкес келе беретінін айтамыз. Бірақ ол бәріне бірдей сай келмейді. Қара шалбармен ақ туфли немесе қоңыр аяқ киім кимеген дұрыс. Қара – іскерлік стильдің түсі, ал қоңыр күнделікті киімнің түсі. Сол себепті басқа түсті таңдаған дұрыс.
 
 
Крем түсті шалбар




 
Мұндай шалбарларға ашық түсті аяқ киімдер таңдаған жөн. Тек қара болмаса болды. Себебі мұндай шалбарлар мен қара түсті аяқ киім бірден көзге түседі.
 
 Ашық қоңыр шалбар


 
Мұндай шалбарға қоңыр немесе сұр аяқ киім сай келмейді. Дұрыс үйлестіріп таңдай алсаңыз күрең немесе жасыл түсті аяқ киім киюге болады. Бірақ қоңыр емес.
 
Қара қоңыр шалбар


 
Мұндай шалбарға аяқ киім таңдау қиын. Сұр мен қара түсті аяқ киімді мүлде кие алмайсыз. Сондай-ақ қызыл, күлгін түстілер де жарамайды. Ал жасыл, қаракөк түсті киюге болады.
 
 Көк шалбар


 
«Джинсы» түсті шалбарларға барлық түсті аяқ киімді кие беруге болады. Бұл әмбебап нұсқа.
  
Жасыл, сарғыш түсті шалбар


 
Жасыл, сарғыш түсті шалбарларды жасыл және сары түсті аяқ киімдерден басқа бәрімен кие беруге болады.
 
 Күрең түсті шалбарлар


 
Мұндай шалбарларға күлгін, қара қоңырдан басқа түсті барлық аяқ киімдер сай келе береді. Жасыл, көк, сұр түсті аяқ киімдер жақсы жарасады.
 
Дереккөз: adme.ru
нравится:    67
Теги: Сән әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии