Мәдениет
1 желтоқсан 13:25
Кезінде Димаш Құдайбергенді сынаған Бағым Мұхитденова: Пікірім әлі өзгерген жоқ
Продюсер, вокалшы Бағым Мұхитденова "Гәкку" арнасындағы "Если честно..." бағдарламасында Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Қытайға барып, әйгілі болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жайлы пікірі әлі де өзгермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кетсек, 2013 жылы "Саз әлемі" бағдарламасында Мұхитденова әншіні "Қалыңдықты запорожецке отырғызғандай неге мұндай әнде жоғары кетіп қалдыңыз? Мұндайды жасаудың тіпті де қажеті жоқ. Мысалы орындаушы Витас орнымен орындады, бұл жарасымды, ал мына сіздің бұл әнде вокал мүмкіншіліктеріңізді көрсетудің тіпті де қажеті жоқ. Бізге өтініш түсіргендеріңізде біз, әрине, сіздердің кім екендеріңізді білеміз. Бізге дәлелдеудің қажеті жоқ. Маған ән ұнамады. Талғамсыздау болғандай", - деп сынаған еді.



Ендігі сұхбатында продюсер арада төрт жыл өтсе де бұл пікірінен таймағанын айтып отыр. "Мен өз сөзімнен бүгін де бас тартпаймын. Себебі мен кәсіби маманмын. Мысалы мен "Отыздан асып барамын" деген сияқты әндерді түсінбеймін. Ал осы әннің форматына классикалық дыбыстарды қосасыз. Осы бір микстің қандай болатынын түсініп отырсыз ба? Бұл диссонанс", - дейді ол.



Айтуынша, Димаш сөзсіз әлемдік вокал мүмкіншілігі бар орындаушы. "Сөзсіз. Мен бұл жайлы сол бағдарламада да айтқанмын. Димаш, мен сенің қалай ән салатыныңды білемін дегенмін. Бірақ осы мүмкіншіліктерді осындай композицияға қосудың қажеті не еді? Той әндеріне классикалық дыбыстарды қосу мен үшін мүлдем түсініксіз жағдай. Орынсыз ғой. Ал негізі мен Димашты қатты жақсы көремін, құрметтеймін, ол мені құрметтейді. Қарым-қатынасымыз тамаша. Бұл жалпы кәсіби білімі жоқ мамандардың жоқтан бар жасап отырған әңгімесі", - деп қорытты ойын продюсер. 




 

Комментарии




Яндекс.Метрика