20 Август
07:58
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
1 маусым 14:22
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

KFC қалай пайда болды?

"KFC" – жедел тағамдар дайындайтын танымал мейрамханалар жүйесі.
Бүгінде қарапайым халықтың фаст-фуд тағамдарымен жиі тамақтанатынын жақсы білеміз. Әлемде фаст-фуд тағамдарын дайындайтын брендтердің де бірнешеуі бар. Атап айтар болсақ, «McDonalds», «Subway», «Burger King», «KFC», «Wendy’s», «Hardee’s», «Taco bell» т.б. Олардың біршамасы біздің елімізде кең танылып үлгерді. Бүгін біз отандастарымыздың асқазанын жаулап алған "KFC" тағамы туралы сөз қозғамақпыз. "KFC"-ды жеген кез келген адам оны міндетті түрде екінші рет іздеп барады. Кейбіреуінің жиі жеп тұратын ең сүйікті тағамына да айналды. Сонымен, "KFC" қалай пайда болды? Оның сыртындағы "сақалды кісі" кім? Осындай ерекше дәм үшін кімге алғыс айтамыз?
"KFC" – жедел тағамдар дайындайтын танымал мейрамханалар жүйесі. АҚШ-тағы ең алғашқы пайда болған жүйелердің бірі деуге де болады. Өзінің қуырылған балапандары арқылы әлем ризашылығына бөленіп жүр. Жедел, дәмді, көтеріңкі көңіл-күй... Осы үш талапқа сай келетін тағамды достарыңызбен, әріптестеріңізбен, отбасыңызбен жесеңіз, тіптен жақсы. Бір қызығы – "KFC" компаниясы оның дайындалу мәзірін құпияда ұстап отыр. Ал тағамды ең алғаш рет ойлап тапқан адамның есімі – Гарлан Сандерс.
"KFC" компаниясының болашақ негізін қалаушы Гарлан Сандерс 1890 жылдың 9 қыркүйегінде  дүниеге келген. Балалық шағы қиындыққа толы болған деседі. Ол тұрмысы төмен отбасында жалғыз ұл еді, әкесі фермерлердің тапсырмасын орындаумен тиын-тебен табатын, ал анасы жұмыс істемейтін. Гарлан 6-сыныпты бітіргенде әкесі қайтыс болады. Ол отбасына көмектесу үшін мектепті тастайды, яғни, бар болғаны 6 жыл білім алған. Анасы жұмысқа кеткенде ең алғаш рет тамақ жасауды үйрене бастайды. Туыстары оның тағамдарын әрқашан мақтайды екен.


15 жасынан бастап автобус кондукторы болып қызмет жасайды да, бір жылдан кейін АҚШ-қа әскерге аттанады. Оны Кубаға жібереді. Ол бір жыл өткеннен кейін әскери саладан ат тонын ала қашады да, теміржолда от жағушы болып қызметке тұрады. Осы кезде Клавдия есімді бойжеткенге үйленіп, екеуі өлгенше бір шаңырақтың астында күн кешеді. 
Гарлан өзінің жанына жақын мамандық таба алмағандықтан, ХХ ғасырдың ортасына дейін он кәсіпті ауыстырады. Ол шина сатады, от шағушы, әскери қызметкер, ферма қызметкері, тасымалдаушы болып та көрген. Осылай әр кәсіптің ұшынан бір ұстап жүргенде, автокөлік жөндейтін жеке шеберхана ашуды ойға алады. Кейіннен шеберхана алдына алты адамға арналған (кезек күтушілер үшін) шағын дәмхана ашып қояды да, үйінің асханасында өз қолымен тағам дайындай бастайды. Оның көлік шеберханасы тағамдарының арқасында танымалдылыққа ие болады. Тіпті, өз қолынан шыққан қуырылған тауық еті аңызға айналды десе де болады. Адамдар тағамға Гарлан Сандерстің "Кентуккиялық қуырылған балапаны" деген ат тағады. Яғни, "KFC" сөзінің толық жазылуы – Kentucky Fried Chicken. Келушілердің бәрі де Гарланның 11 дәмдеуішін жан-жақтан мақтайтын болады. Аспаз жылдам қайнататын ыдысты пайдалану арқылы 15 минуттың ішінде тағамды дайындап шығады екен. Ол осы бизнесін дамыту үшін көп қиындыққа тап болады, ақыры үлкен жетістікке жетеді.


Гарлан Сандерс көбіне классикалық киім киген: ақ костюм мен қара бабочканы тастамайды екен. Ол "KFC" компаниясының логотипінде де осылай бейнеленеді. Осы бейнесі арқылы америкалықтардың, әлем халқының жүрегінен орын алды, дәл осы кейіпте есте сақталып қалады да. Гарлан өмірінің соңғы жылдарында компаниясын жеке инвесторларға 2 миллион долларға сатып жібереді. Ал қазір оның иесі – Yum! Brands компаниясы. Мұнда 24 мың қызметкер бар. "KFC" дәмханалар жүйесі әлемнің 50 елінде жұмыс істейді.

alashinform.kz
нравится:    1126
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии