15 Декабрь
14:17
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
22 желтоқсан 09:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​КХДР билігі өз азаматтарын қалай алдайды? (видео)
Төмендегі роликте КХДР билігінің қатардағы америкалықтардың өмірлері ретінде ұсынылған суреттер арқылы өз елі азаматтарын қалай алдайтыны көрсетілген. Телеарнада ұсынылатын видео Солтүстік Корея жұртын зомби ету бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын анық байқатады. Бұл туралы ARD хабарлады.



Арна дикторы эфирде былай дейді:

«Америкалықтар бүгінде қалай тұрып жатыр?

Міне, америкалықтар бүгінде былай тұрады. Қар үстінде тұрып кофе ішіп, шатырларды мекендейді. Бір-бірлерін, әсіресе, балаларды өлтіру үшін қару-жарақ сатып алады. Әрине, кейбіреулері бұған қарсы.

Қазіргі заманғы Америка өмірі көшеде өтеді

Ағаштардың бастары қарға толып тұрады. Мұнда тіпті құстардың өзі жоқ – оларды шатырлар мен дәліздерде тұратын адамдар жеп қойған. Ал мына адам өзіне героин дозасын қабылдап жатыр.

Мұндағы үйлер оңай қирап қалады. Сосын жұрттың мына кісі секілді шатырларға тұруларына тура келеді. Ол көптеген заттарды көрсетіп қалуда, бірақ камера құлап қалған шатырды іліп кетті. Бұлар қазіргі заманғы Америкада кеңінен тараған құбылыс болып табылады.

Америка «Қызыл кресі» Солтүстік Кореядан жеткізілген материалдардан қабырғалар тұрғызады. Мұнда да, жоғарыда отырғандарды айтпағанда, басқа ешқандай құс жоқ. Себебі, оларды сейсенбі күні жұрт жеп қойған. Бұл жерде олар – жеңсік ас. Олар сондай-ақ АҚШ-та көптеп кездесетін қарды да жейді. Ана кісілер өздерінің өліп қалған, қаптарда мәйіт болып жатқан достарымен бірге отыр. Айтқандай, олар айналадағы қардан жасалған кофені ішеді. Олар – жақсы достар, тіпті қиін кезде де бірге болады.

Кейде жұрт әртүрлі ел деп санайтын Еуропадағы сияқты, Америкада да жұрттың бәрі бірдей өте нашар тұрады.

Осы көріністерді түсіру кезінде Солтүстік Корея түсіру тобы мына қатып қалған жігітті жылындырды. Оны біздің кофемен қыздырып, жамылғы жапты. Сол аралықта бұл жұрт КХДР печеньесін алып қалу үшін кезекке тұрды».
Диктор осылай деп сайрап отыр.



Дереккөзі: ras.kz
нравится:    747
Теги: Саясат, Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии