11 Декабрь
23:19
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
26 мамыр 14:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Киіктердің қырылуы ғарыш айлағымен байланысты болуы ықтимал
Аэроғарыш комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мейірбек Молдабеков киіктердің қырылуы ғарыш айлағымен байланысты болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.


Парламент сенатының комитет отырысында төраға киіктер қырылып жатқан аймақтар зымырандардың құлайтын аудандарынан тым алыс екендігін ескертті.

“Киік жөнінде, әрине, бұл киіктердің қырылуы экологиялық мәселеге де байланысты болуы мүмкін. Оның ішінде ғарыш айлағымен байланысты болуы ықтимал, бірақ киіктердің қырылып жатқан аймақтарын қарасақ, ол біздің “Байқоңыр” ғарыш айлағынан ұшырылып жатқан зымырандардың құлайтын, әсер ететін аудандарынан тым алыс. Ондай аудандар Қарағанды облысында. Ал киіктің қырылып жатқаны Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облысында орын алуда. Соған қарағанда, тікелей байланыс жоқ деп ойлаймын. Бірақ қазір біз соны зерттеп қарауымыз керек”, – деді ол сенаторлардың сауалына берген жауабында.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша қырылған киіктердің саны 100 мыңға таяп қалды.
нравится:    782
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии