|    |  
16 желтоқсан 2019
09:37
қаз
​Кілегейлі тұздық қосылған домалақ котлеттер
28 ақпан 2017, 15:02 62

 
Қажетті ингредиенттер:
 
Сиырдың тартылған еті  — 1 кг
Пияз  — 1 шт.
Сары май — 30 г
Нан қиқымы — 60 г
Жұмыртқа — 2
Тұз — дәміне қарай
Қара бұрыш — дәміне қарай
Жұпар жаңғағы — дәміне қарай
Лимон (цедра – лимон қабығының үгіндісі) — 1 шай қасық
Бульон — 500 мл
Майлы кілегей  — 125 мл
Ұн — 2 ас қасық
 
Әзірлеу тәсілі:
 
1. Ингредиенттерді дайындаңыз.
 
2. Пиязды ұсақтап тураңыз.
 
3. Оны жұмсарғанша қуырыңыз.
 


4. Пиязды суыту үшін тоңазытқышқа салып қойыңыз.
 
5. Тартылған етке пиязды, жұмыртқаны, тұзды, бұрышты, жұпар жаңғағын, цедраны, нан қиқымын, майды тартылған етке қосыңыз.



6. Жақсылап араластырыңыз.



7. Домалақ формаға келтіріңіз.



8. Духовканы 200°C дейін қыздырыңыз. Котлеттерді табаға салып, духовкада 15 минут пісіріңіз.



9. 15 минуттан кейін табаны алыңыз.



10. Кілегейді қыздырып алыңыз.
 
11. Ыстық кілегейді ыстық сорпамен араластырыңыз.



12. Домалақ котлеттерді табаға салып, үстінен сорпа мен кілегейдің қоспасын құйып, духовкада 20 минут пісіріңіз.



13. Духовкадан табаны алып, тұздығын бөлек ыдысқа құйып алыңыз.
 
14. Сары майды табада ерітіп, 2 ас қасық ұн қосып, ұнды аздап қуырып алыңыз.
 
15. Табаға кілегей тұздығын қосып, баяу отта қоюланғанша қайнатыңыз. Дайын тұздық қою болуы тиіс.


 
Ас болсын!
 


Жаңалықтар