|    |  
15 қараша 2018
09:06
қаз
​Ким Чен Ын: Американың ақылынан алжасқан шалын сабасына түсіремін
22 қыркүйек, 15:57 292
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трамптың БҰҰ Ассамблеясында айтқан сөздерін қатаң сынға алып, мұны «шизофрениялық ауытқу» деп атады.



Апта басында Дональд Трамп Солтүстік Кореяның АҚШ-қа немесе оның жақтастарына қауіп төндіретін болса, оны түбегейлі жойып жіберуге қауқарлы екенін айтқан болатын.
Ким Чен Ын Трамптың бұл мәлімдемесін қауіпті деп танып, мұндай дөрекілік пен саяси сауатсыздыққа бұрын-соңды АҚШ-тың бірде-бір басшысы ұрынбағанын,  «шошыған иттің үргені қатты шығатынын» жеткізген.
 
Корея көшбасшысының ресми мәлімдемесінде: «Трамп мырза мені, менің елімді қорлай отырып, құртып жіберу үшін озбыр түрде соғыс жариялауына байланысты Солтүстік Корея да қатаң әрекеттерге баруға және барлық қауіп-қатерге төтеп беруге дайын» - делінген.


 
Сондай-ақ Ким Чен Ын сөз соңында өз ойын «Біздің мақсатымыз құр сөзден әрі аса амайтын шалға іспен жауап қайтарудың не екенін көрсету. АҚШ президентінің шизофрениялық ауытқуы сау адамды да есінен адастырады. Американың ақылынан алжасқан шалын сабасына түсіреміз» деп түйіндеген.
 
Жаңа санкциялар


 
Алдағы бейсенбіде АҚШ басшысы Дональд Трамп КХДР мемлекетіне қарсы санкциялардың одан әрі көбейетінін мәлімдеді. Бұл санкциялар адамзат тарихындағы ең қауіпті қару-жарақты жасауға жұмсалып жатқан қаржыны шектеуге бағытталған.
Бұл бастаманы Қытай Халық Республикасы да қолдап отыр. Естеріңізге сала кетейікекі апта бұрын БҰҰ басшылығы да Солтүстік Креяға қарсы осындай санкциялар салатынын мәлімдеген болатын.
 
Дереккөз: www.bbc.com
 
Жаңалықтар