20 Ноябрь
13:54
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
13 тамыз 10:44
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ким Чен Ынның бұйрығымен бірінші вице-премьер атылды
КХДР бірінші вице-премьері Чхве Ён Гон елдің басшысы Ким Чен Ынның саясатына өзінің наразылығын білдіргеннен кейін атылды. Бұл туралы «Ренхап» хабарлады.



Корея агенттігін бұл ақпарды өзінің мәнбесі жеткізді. Ол сондай-ақ ату туралы бұйрықты Ким Чен Ынның тікелей өзі бергенін де жеткізген.

Өз кезегінде Кореяның екі елді біріктіру министрлігі тараған мағлұматты расқа шығарудан да, жоққа шығарудан да бас тартқан.

«(Министр) Чхве (КХДР) бұрынғы лидері Ким Чен Ирдің қайтыс болғанына үш жыл толуына байланысты өткен шараға қатысқаннан кейін сегіз айға жуық уақыт ішінде көпшілік алдында көрінген жоқ. (Оңтүстік Корея) Үкімет министрге не болғанын білу үшін оқиға барысын мұқият қадағалап отыр», – деп атап көрсетті министрлік өкілдері.

Биылғы жылғы мамыр айында «Ренхап» агенттігі КХДР қарулы күштері министрі Хён Ён Чхольдің әскери шара барысында қалғып кетіп, елдің лидері Ким Чен Ынның пәрменін орындай алмай қалғаны үшін мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен атылып кеткенін хабарлаған болатын.

Дереккөзі; ras.kz
нравится:    739
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии