|    |  
14 қараша 2018
13:50
қаз
Ким Кардашянның үш жасар қызы 1 миллион долларға киінеді
22 маусым, 15:15 898

Америкалық белгілі модель Ким Кардашян мен оның күйеуі Каньенің үш жасар қызы Норттың барлық киім-кешегінің гардеробы қазірдің өзінде 1 млн. долларға барады. Бұл туралы News.am ақпарына сүйенген ras.kzхабарлады.

Кішкентай жақында үш жасқа толғанын Диснейлендте атап өткен.

Life & Style басылымы өз мәнбесіне сүйене отырып, кішкентай қыздың өз стилисі мен тырнақ жөніндегі шебері бар екенін, осы үшін анасы аптасына оларға 5 мың доллар ақша төлеп тұратынын жеткізді. Мәнбе сондай-ақ қазіргі таңда Норттың гардеробы 1 млн. долларға бағаланатынын да білдірген.

«Оның кішкентай қол сөмкелері Hermès. Дәсорамалы Balmain фирмаларынан шыққан. Ким қызы Норттың осы жасында қалаған нәрселерінің бәрі болуы тиіс екенін айтады. Себебі, ол әлемдегі суретке ең көп түсетін бүлдіршіндердің қатарында», – дегенді қосты инсайдер.

Айтқандай, Ким Кардашян алты айға енді толған ұлы Сейнт үшін де арнайы гардероб дайындап жатқанға ұқсайды.
Жаңалықтар