23 Июль
00:26
Астана: 12 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 346.68
EUR/KZT: 404.02
RUB/KZT: 5.47
CNY/KZT: 51.15
Мәдениет
9 наурыз 18:12
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кино тарихындағы ең үздік кадрлар бір роликке жинақталды


Кино сыншылары төрт кинодағы («Падшие ангелы», «Лоуренс Аравийский», «Барри Линдон» және «Выпускник») үздік сәттерді атап көрсетті.

CineFix компаниясының сарапшылары кино тарихында ұлғайтқыш линзаның көмегімен түсірілген үздік кадрларды жариялады.

Сыншылардың көңілінен шыққан ең алғашқы эпизод 1962 жылы түсірілген «Лоуренс Аравийский» фильмінен алынған. Телеобъективке түсірілген бұл көріністе басты кейіпкер көкжиектен жақындап қалған салт аттыны көреді.

Сонымен қатар, роликке 1995 жылы түсірілген «Падшие ангелы» фильмінен үзінділер енген. Кейіпкер кең бұрышты камераға үлкейтіп түсірілген, бұл персонажға әдеттегі қалыптан тыс жақын келу әсерін тудырады, себебі линза қалған кеңістікті тереңінен көрсете отырып, адамның бет-әлпетін қисайтып бұрмалап көрсетеді.

Роликке енген тағы бір кино – 1975 жылы жарыққа шыққан «Барри Линдон» картинасы. Мұнда оператор масштабты кішірейту үшін зумды пайдаланады, соның арқасында кейіпкердің шарасыз және дәрменсіз күйге түскен сәті ерекше шыққан.

Сарапшылар таңдап алған эпизодтар арасында 1967 жылы түсірілген «Выпускник» фильмі де бар. Тізімді құрастыру кезінде сарапшылар көрермендердің бір кейіпкерден екіншісіне назар аударына алып келетін фокустың өзгеруіне көңіл бөлген.




Дереккөзі: life.ru
нравится:    59
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии