14 Декабрь
02:51
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Туризм
10 шілде 16:16
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Киото - саяхаттауға ең қолайлы қала атанды
Америкалық «Travel + Leisure» журналының нұсқасы бойынша саяхатшылар үшін ең үздік қалалар рейтингісінде  Жапонияның қаласы Киото - бірінші орын алды. Аталған таңдау алты критерий бойынша анықталды.





Жапонияның бұрынғы астанасы екінші жыл қатарынан осы рейтингтің көшін бастап тұр. Ол көпшілікке танымал Чарльстон (Оңтүстік Каролиннің ежелгі қаласы), камбоджалық  Сием Рип, Флоренцию, Рим, Бангкок  сияқты қалаларды артқа  тастады.








Киото қаласының негізгі тіршілік көзі туризммен байла­ныс­ты. Сондай-ақ ол елдің негіз­гі мәдени орталығы болып та­бы­лады. Мұнда әр жыл сайын көп­теген өнер фестивальдері өтеді. Қалаға жыл сайын әлемнің әр шалғайынан көптеген туристер келеді. Себебі, мұнда тарихи ес­керткіштер өте көп. Басқасын бы­лай қойғанда, бір ғана осы қа­ланың өзінде 1600 будда храмы, 400 синтоистік шіркеу бар. Та­рихи сәулет ескерткіштерінің көп­тігін осыдан мың жылдай уа­қыт бұрын Киотоның Жапония­ның астанасы болуымен байла­ныс­тыруға болады.






Travel + Leisure оқырмандарының нұсқасы бойынша саяхаттауға қолайлы қалалар тізімі. Топ-10:

1. Киото (Жапония)

2. Чарльстон (АҚШ)

3. Сием-Рип (Камбоджа)

4. Флоренция (Италия)

5. Рим (Италия)

6. Бангкок (Таиланд)

7. Краков (Польша)

8. Барселона (Испания)

9. Кейптаун (ОАР)

10. Иерусалим (Израиль)

Дереккөзі : http://news.rambler.ru/
нравится:    1381
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии