18 Октябрь
13:40
Астана: 12 °C
Алматы: 14 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Кербез
25 қазан 16:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кір жуу машинасында пуховикті қалай жуу керек?

Көпшілігіміз ыңғайлы әрі жылы болуына байланысты, қыстың күні пуховик кигенді ұнатамыз. Бірақ былтырғы пуховик болса, киер алдында оны бір жуып алған дұрыс. Химиялық тазалау қызметі арзан емес, әрі ауылды жерлерде мұндай қызмет түрі мүлдем жоқ, - деп жазады anabol.kz. Сол себепті біз мұндай сырт киімді үйде қалай дұрыс жууға болатынын үйретпекпіз.

1. Жуар алдында сырғытпасы (замогы) мен түймелерін ағыту керек.  Жүні үлпілдеп тұрған терісі болса, алып тастаған жөн. Сосын пуховикті ішін сыртына қаратып, аудару керек.

2. Кір жуатын машинаға басқа затпен араластырмай, пуховиктің өзін ғана салу керек.

3. Кір жуатын ұнтақты қолдануға болмайды. Пуховикті тек кір жуатын сұйықтықпен ғана жуған абзал.

4. Жұмсақ жуатын ең тиімді тәсілді таңдаған жөн. Температурасы да төмен болу керек. Ең дұрысы 30 градус. Кемінде 3-4 рет шаю керек.

5. Жуып болғаннан кейін, ең бастысы ішіндегі мамығы домаланып қалмауы керек. Ол үшін, пуховикті жуар кезде кір жуатын машинаға тенниске арналған, алдын ала тазартылған 3-4 допты салып, бірге айналдыру керек.

6. Пуховикті таза ауада кептіру қажет. Ешқашан да оттың немесе жылытатын құралдардың қасында кептіруге болмайды.

7. Пуховик бір күнде кебе қоймайды. Сол үшін, ара-тұра оны сілкіп, мамықтарын реттеп тұру керек.  

Осы қарапайым ережелерді қолдана отырып, сыртқы киімнің әдемі қалпын сақтауға болады.

 
нравится:    1533
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии