21 Август
01:18
Астана: 12 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Кербез
1 ақпан 16:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кірпікке де күтім керек


Кірпігінің қою, ұзын, қап-қара болып қайырылып тұрғанын кім қаламайды дейсің. Бірақ біз біреудің әдемі кірпігін көргенде қызығамыз да, «менің табиғатымда жоқ қой» деп қоя саламыз. «Басқа басқа енді кірпік күткенім қалып па?» деп немқұрайлы қарайтынымыз да бар. Өзім шынымды айтсам, кірпікке де күтім қажет деп тіпті ойламаппын. 
Осыдан бірнеше жыл бұрын бір тойға жиналғанда шашымды түзетіп, бет-аузымды әрлетейін деп салонға бардым. Сөзшең әрлеуші келіншек кірпігіме жеткенде шошып кетпесі бар ма. Түгі қалмапты ғой деп. «Ой, баламен отырмын ғой, бұрынғыдай бояп жүрген жоқпын» деп ақталған маған дүрсе қоя берді. «Қазақтың келіншектері неге осындайсыңдар?! Бір бала туасыңдар да өздеріңе қолды бір сілтейсіңдер. Ақыры үйде отыр екенсің, күніне бес минутыңды арнап, кірпігіңе май жағып қоймайсың ба?» дейді. Шынында да… Қатты ұялып кеттім. Өртенген жердің жұртындай болып жерде бір талы қылтиып қалған кірпігім үшін бе, оларды сол күйге жеткізген өзім үшін бе, білмеймін. Қысқасы, сол күннен бастап кірпігімді қолға алдым. )) Баламмен бірге кірпіктерім де өсіп, тәп-тәуір болып қалды сосын. Екінші баладан соң кірпік деген тағы әдірем қалғанын жасырмай-ақ қояйын. (Баяғы апайға барып тағы бір ұрыс естіп алу керек еді). Айтпақшы, қазақтілді ғаламторда кірпік күтіміне байланысты іске татырлық ештеңе жоқ екен. 

Кірпіктің құрылысы шашқа ұқсайды. Тек шаш талдарынан бірнеше есе жіңішке болады. Жоғарғы қабақта 2-3 қатар болып орналасады, 150-250 тал кірпік болуы мүмкін. Ұзындығы 10 мм-ге жетеді. Ал төменгі қабақта 100-150 тал шамасындағы кірпіктер 1-2 қатар болып орналасады екен, ұзындығы 5-7 мм болуы мүмкін. кірпіктің қызметі – көзді сыртқы ортаның әсерінен, шаң мен кірден қорғау. Адамның кірпігі өмір бойы өседі, бірақ жас ұлғайған кезде өсу қарқыны бәсеңдеп қалады. Бұл ағзаның жалпы зат алмасу процесінің баяулауымен байланысты болса керек. Әр тал кірпік 100-150 күн өмір сүреді. 
Күтім жасау арқылы кірпіктің өсуіне, сапасына әсер етуге болады. Бірақ орналасқан қатарын көбейту мүмкін емес. Ол генетикалық негізде әу баста қалыптасып қояды. 

Сұлулық сыры: Кірпікке де күтім керек

Кірпік күтімі көз күтімімен тығыз байланысты. Сол себепті көзге де үнемі және дұрыс күтім жасау керек. Күтімнің ең басты шарты – тазалық. Күнделікті сүрмені арнайы құралдармен сүртіп барып жатуды әдетке айналдыру керек. Айтпақшы, кеңестерге кіріспес бұрын ескерте кетейін, беттегі кез-келген өзгеріс ішкі мүшелер қызметінің бұзылуынан болуы мүмкін. Егер біз ұсынған кеңестердің кірпігіңізді қалпына келтіруге көмегі болмаса, онда дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. 
Сонымен: 
1. Ең маңызды және ең бірінші кеңес (қайталанса да айтамын) – тазалық. Бететгі бояумен ұйықтаушы болмаңыз! Көздегі бояу мен сүрме кірпіктің «денсаулығын құртады». 
2. Кірпіктің «жанын» табиғи майлар жақсы түсінеді. Кез-келген майды дәріханадан табуға болады, әрі бағалары да қолжетімді. 
• Майсана майы. Күнара бір сағатқа ғана жағып, кейін сүртіп тастауға болады. Егер кірпігіңіздің жағдайы тіпті нашар болса, күнделікті жатарда жағып, түні бойына қалдырасыз. Әсерін күшейту үшін қоспалар жасауға болады. Мысалы, майсана майы мен ромды теңдей етіп араластырып қолдансаңыз, кірпіктің төзімділігі артады және өсуі жылдамдайды. Сондай-ақ, майға Ажәне Е дәрумендерін қосуға болады. Бұл қоспаны жиі қолданып тұрсаңыз кірпіктер жылтырап тұрады. Егер майсана майына сәбіз шырынын қосып қолдансаңыз – кірпіктің түсі қоюлана түседі. 
• Ошаған майы. Ошаған майын шаш күтіміне ғанаемес, кірпік күтіміне де қолдануға болады. Майсана майы, А және В дәрумендері, алоэ шырынын қосып, қоспалар жасауға болады. Мұндай қоспаны бір ай жақсаңыз кірпігіңіз төгіліп шыға келеді. 
• Шырғанақ майы да кірпікке жақсы әсер етеді. Кірпіктердің көтеріліп өсуіне, ұзаруына көмектеседі. Бұл майды жеке өзін де, қоспа құрамында да қолдануға болады. Егер кірпіктеріңіз жиі түсіп жүрсе, шырғанақ майы мен ошаған майын араластырып, ұнтақталған итмұрынның үстіне құйып, жауып тастаңыз. Қарағңы жерде 7-10 күн тұрсын. Содан соң сүзіп, қоюын күнделікті кірпікке жағып тұрыңыз. Кірпіктің түскені сап тиылады. 
• Шабдалы майы, бидай ұрығының майы, кокос май, зығыр майы, бадам майы. 
Бұлар да көзге және кірпікке өте пайдалы майлар. Бір-бірімен араластырып қолдана беруге болады. Қысқасы, кез-келген табиғи майлар және қырмызы мен түймедақ сығындысын жиі жағып тұрыңыз. 
• Қағаз майы. Бұл әдісті әйелдер ертеде қолданады екен. бір парақ қағаздан конус тәрізді «құйғыш» жасап, стаканға саласыз да, жоғарғы жағынан бастап жағасыз. Өртенген қағаздың майы стаканның ішіне жағылып қалады. Сол майды алып кірпікке жағу керек екен. 
• Химиялық қайыру, бояумен әуестене бермеңіз. Қайыратын қайшы да кірпік құрылымына зиянын тигізеді. Жапсырмалы кірпіктердің желімі көзге өте зиянды екенін де біле жүріңіз. 
Айтылған кеңестерді жасасаңыз, 1-2 айдан соң нәтижесін байқай бастайсыз. 
«Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қап-қара», «Кірпігіңе жұлдыз тағып берейін», «Әлем бір сәт қалғандай, кірпігіңе байланып» деген әдемі тіркестердің бәрі кірпіктің сұлулығына арналған. Қыз-келіншектің көркіне айрықша сиқыр беретін кірпіктеріңізге күтім жасаңыз! 
Сұлулық сыры: Кірпікке де күтім керек

Дереккөзі: blogtime.kz
нравится:    1728
Теги: Сән әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии