12 Декабрь
08:35
Астана: -18 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Спорт
20 қазан 10:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кіші Крис Юбенк: Геннадий Головкиннің осал тұстары көп
WBA тұжырымдамасы бойынша уақытша әлем чемпионы кіші Крис Юбенк WBA суперчемпионы Геннадий Головкинді жеңу үшін өзінде барлық қажетті дағдылар бар деп есептейді. Бұл туралы sports.kz жазып отыр.

Крис Юбенк-младший

«Адамдар Головкиннің орташа салмақтағы үздік боксшылармен жұдырықтасқанын көргісі келеді, мен сол топтамын. Мен үздіктермен жұдырықтасқым келеді. Осы жігіттердің барлығын соққыға жыға алатынымды дәлелдегім келеді. Орташа салмақта чемпиондық белдеуге ие кез келгенмен айқасқым келеді», - деп мәлімдеді кіші Крис Юбенк.
«Геннадий Головкиннің мен пайдалана алатын осал тұстары өте көп. Сондықтан қазіргі мақсат - бұл жекпе-жекті ұйымдастыру. Головкинге соққы тигізу өте оңай», - деп қосып өтті боксшы.
Кіші Юбенктің әкесі, есімі аңызға айналған үлкен Крис Юбенк өз ұлын қолдап шықты.
«Кристофердің бойында Головкинді жеңу үшін барлық қажетті қасиеттері бар. Бұл өте қатаң жекпе-жек болады, бірақ менің ұлым оны соққыға жығады. Сонау 1990 жылы мен Найджел Бенмен жұдырықтасқанда, менің жеңісіме сенім білдірген бірде-бір адамды есіме түсіре алмаймын. Осындай жағдай қазір Головкинмен де орын алып тұр, Кристофер оны ұрып тастайды», - деп мәлімдеді үлкен Юбенк. 







 
нравится:    896
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии