25 Апрель
23:28
Астана: 0 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 326.28
EUR/KZT: 398.22
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.64
Спорт
26 қазан 17:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Кішкентай бойлы футболшы жылдамдығымен Желі жұлдызына айналды



Индонезияның «Борнео» клубының ойыншысы Теренс Пухири «Митра Кулар» командасымен кездесу матчында футбол алаңының бір шетінен екінші шетіне дейін асқан жылдамдықпен жүгіріп барып, гол соқты. Осы сәт бейнеленген видео Twitter-дегі FootyMemes парақшасында жарияланды.

21 жасар футболшының бойы небәрі 157 см құрайды екен. Соған қарамастан, ол 60 метр ара қашықтықты небәрі 6 секунд ішінде жүгіріп өткен. Оның осы жылдамдығына тәнті болған Желі пайдаланушылары әлеуметтік желілерде оны Жер шарындағы ең жылдам футбол ойыншысы деп атап кетті.

Видеоның астына пікір қалдырған пайдаланушылардың бірі: «Бұл өзі шындық па?», — деп өзінің таңданысын білдірді. Екінші біреуі Теренс Пухириді қазіргі кезде неміс командасында жаттығып жүрген Усейн Болттың орнына алу керек деп ақыл-кеңес берді.

Пухири соққан гол оның командасының 4:0 есебімен жеңіске жетуіне сеп болды.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазанда атағы жер жарған ямайкалық спринтер Усэйн Болт 2018 жылдан бастап футбол ойнауға көшетінін жариялаған болатын.
 


Дереккөзі: БАҚ материалдары
нравится:    222
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии